30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ораза айт мейрамы елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды. «Нұр Астана» орталық мешітінде өткен Ораза айт мерекесі аясында «Мейірімділік жәрмеңкесі» өтті. Оған мешіт ұстазы Динара Құтқожақызы мен әйел жамағаты, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай ат салысты. Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар сатылды. Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.

Астана қаласы өкілдігі бойынша ҚМДБ жалпы жастар ісі әйел қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Нұрғалиева Динара Құтқожақызы былай баяндап берді: «Бүгін Ораза айт мерекесінде «Нұр Астана» орталық мешітінің әйелдер секторы, «Жібек» қыз-келіншектер клубы «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді. «Жібек» клубы үш бағытта жұмыс жасайды: қоғамдық, мәдени және қайырымдылық. Аллаға шүкір, өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жәрмеңкедегі түрлі тәтті тағамдарды «Нұр Астана» орталық мешітінің әйел жамағаты ұсынды. Осындай қайырымдылық жәрмеңкелерінде 250 мыңға дейін қаражат түседі. Түскен қаражатты мешітімізге тіркелген тұрмысы төмен отбасыларға, ауыр сырқатқа душар болған жандардың дәрі-дәрмектеріне, ота жасауына көмек ретінде үлестіреміз. Қиналған жанға көмек қолын созу біздің асыл дінімізде ең көркем нәрсе әрі бұл біздің мұсылмандығымыздың белгісі» деп өз ойын білдірген Динара ұстазға, осы шараға белсене атсалықан әйелдер жамағатына Алла разы болсын дейміз.

IMG 3515

IMG 3628

IMG 3846 копия

IMG 3631

IMG 3939

IMG 4136

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: