26
Жұма,
Сәуір

һижри

Бас имам журналистерді марапаттады

Мешіт тынысы
Жарнама

Кеше наиб мүфти, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы асыл дініміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан журналистерді марапаттады.

Елімізге танымал Зейін Әліпбек, Жайық Нағымаш, Жасұлан Әбдіраман, Жасұлан Наурызбайұлы, Гүлнұр Омарханқызы, Мұхтар Тұртаев, Гүлмира Аймағанбет, Айгүл Уайсова, Майра Төлепберген сынды қаламгерлерге Бас имам Наурызбай қажы Тағанұлы Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады. Сондай-ақ, аталған игі шара барысында ҚМДБ «Зекет» Корпоративтік Қорының Астана қаласы бойынша өкілдігінің жұмысын жоғары дәрежеде жүргізіп, Астана қаласының әлеуметтік шараларына қосып келе жатқан үлесі үшін Ануар Джексенгалиев арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Қасиетті Шәууал айындағы оразаның ауызашар сәтімен тұспа-тұс жайылған дастархан басында асыл дініміздің төңірегінде бірқатар тағылымды, рухани әңгімелер айтылды. Ислам дінінің адам бойындағы ізгі қасиеттерге оң әсері, Ислам әдебі туралы әдемі әңгімелер өрілді, қарымды қаламгерлердің ойлары тыңдалды. Рухани кештен ерекше әсерге бөленген журналистер қауымы мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

 

IMG 4272

IMG 4323

IMG 4332

c2c88f21 724f 4dcb 934f 9c309be002cf 1

IMG 4419

IMG 4474

IMG 4370

IMG 4383

IMG 4387

IMG 4325

IMG 4341

IMG 4432

IMG 4336

IMG 4455

IMG 4453

IMG 4476

ummet.kz

Бөлісу: