25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

"Әл-Ғани" мешіті оқушыларды мектепке дайындауға атсалысты

Мешіт тынысы
Жарнама

Әр оқу жылының қарсаңында ҚМДБ мешіттері «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биылғы оқу жылында да елорда мешіттерінде «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы аясында Астана қаласы, Есіл ауданында орналасқан «Әл-Ғани» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы өтті. «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Ілияс Отаров пен «Әл-Ғани» мешітінің бас имамы Бағдат Абдукаримов жиналған оқушыларды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, оқуда озат болып, болашақта еліміздің өркендеуі үшін адал қызмет жасауға шақырды.

11 (2)

11 (3)

-Екі әлем сардары болған Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» дегенін ұмытпай,  қазақ халқы ежелден «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қағиданы ұстанған. Мұқтаждардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның мұсылмандық міндеті,- деді «Әл-Ғани» мешітінің бас имамы Бағдат Абдукаримов.

Қайырымдылық шара аясында 35 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен кеңсе қажеттері таратылды. Жиын соңында балалар мен ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

ummet.kz

 

 

Бөлісу: