29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Құрбан айт қайырымдылық жәрмеңкесімен жалғасты

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгінгі Құрбан айт мерекесі ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды. «Нұр Астана» орталық мешітінде өткен Құрбан айт мерекесі аясында «Мейірімділік жәрмеңкесі» өткізілді.

Оған мешіт ұстазы Динара Құтқожақызы мен әйел жамағаты, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай ат салысты. Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар мен үй тұрмысына қажетті әртүрлі ыдыстар сатылды. Шараның мақсаты – жәрмеңкеге түскен қаражатпен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.

jarmenke (2)

Астана қаласы өкілдігі бойынша ҚМДБ жалпы жастар ісі әйел қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Нұрғалиева Динара Құтқожақызы жәрмеңке жайында: «Бүгін Құрбан айт мерекесінде «Нұр Астана» орталық мешітінің әйелдер секторы, «Жібек» қыз-келіншектер клубы дәстүрлі «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізіп отыр. Жәрмеңкедегі түрлі тәтті тағамдарды «Нұр Астана» орталық мешітінің әйел жамағаты ұсынды. Осындай қайырымдылық жәрмеңкелерінде шамамен 250-300 мыңға жуық қаражат түседі. Түскен қаражатты мешітімізге тіркелген тұрмысы төмен отбасыларға, ауыр сырқатқа душар болған жандардың дәрі-дәрмектеріне, ота жасауына, тұрмыстық қажеттіліктеріне көмек ретінде үлестіреміз. Жәрмеңке бүгін жұма намазына дейін жалғасады. Мүбәрак мейрамда қайырымдылық шарасына қатысуға баршаңызды шақырамыз» деп өз ойын білдірді.

Осындай игі шараның басы-қасында жүрген барша жандарға, орталық мешіттің әйелдер жамағатына Алла разы болсын дейміз.

jarmenke (16)

jarmenke (9)

jarmenke (7)

jarmenke (14)

jarmenke (15)

jarmenke (13)

jarmenke (3)

jarmenke (5)

jarmenke (6)

jarmenke (1)

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: