17
Жұма,
Мамыр

һижри

Құрбан айтта "Нұр Астана" мешіті ұлттық дәстүрді ұлықтады

Мешіт тынысы
Жарнама

Әлем мұсылмандары көптен күткен ұлық мейрам Құрбан айт та келіп жетті. Бүгін таң сәріден «Нұр Астана» орталық мешітіндегі Айт намазына 10 мыңға жуық халық жиналып, жамағат әрі қарай мерекені сән-салтанатымен тойлауға кірісті.

 

«Нұр Астана» орталық мешіті «Құрбан айт құтты болсын!» бұқаралық шарасын ұйымдастырды.  Мешіт алдында киіз үй тігіліп, жұртшылыққа Жаңаарқаның қымызы ұсынылды.  Сахна бой көтеріп, қазақтың қара домбырасы күмбірледі, ұлттық әндер мен жыр-термелер шырқалды. Жиналғандар Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі әншілерінің өнерін тамашалады.

sport (22)

sport (19)

sport (28)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен елімізде бірнеше жылдан бері «Дін мен дәстүр»  тақырыбы кеңінен насихатталып, ислам құндылықтары мен дәстүр сабақтастығына айрықша көңіл бөлініп келеді. Осыған орай ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Құрбан айт мейрамын ұлттық нақышта атап өтуге ерекше мән берді.

Соның айғағы, мереке аясында жамағатқа асық ату, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес секілді халық ойындары ұйымдастырылды. 

sport (8)

sport (17)

sport (16)

sport (11)

sport (26)

sport (14)

Спорттық сайыстарға қызығушылық танытқандардың қарасы азаймады. Олардың ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген шетелдік қонақтар да болды. Мәселен, арқан тартысқа 10 команда қатысып, ішінде Астана медресе-коллеждінің ұстазы Қанат Қалымбет пен Мысыр елінің араб жігіттері бас қосқан топ оза шапты. Екінші орын «Строй контракт» тобына бұйырса, үшінші орыннан «Нұр Астана» командасы көрінді. Ал, 24 кг-дық гір тасын 80 мәрте көтерген Жеңіс Жорабеков пен 16 кг гір тасын 211 рет көтерген  Асыл Смаилов бас жүлде алды. Қол күрестен бақ сынасқан жігіттер де осал болмады. 11 адамнан 7 қатысушы 1, 2, 3 орындарды өзара бөліп алды.   Жеңімпаздарды «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов марапаттап, сый-сияпаттарды табыс етті.

sport (41)

sport (42)

– Құрбан айт – жанжалдасқан жандар татуласып, өзара кешірімге келіп, ағайындық байланысты нығайтуға жол ашатын мереке. Бұл күндері үзілген туыстық қатынасты қайта жалғап, жақын жұрағаттың үйлерін арнайы аралау ерекше маңызды. Мұсылман баласын қуанышқа бөлейтін бұл мейрам елімізге, жерімізге құт-береке мен ынтымағын, ырысы мен берекесін ала келсін деп тілейміз. Алла тағала баршамыздың құлшылық-ғибадаттарымызды және сауапты істерімізді қабыл етіп, келесі Құрбан айтқа аман-есен жетуді нәсіп еткей. Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! – деп Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов ізгі тілегін жеткізді.

Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған игі шара жалғасып жатыр. Келушілер «Мейрімділік мекені» қайырымдылық жәрмеңкесіне үлес қосып, Жұма намазынан кейін дәстүрлі концерттің куәсі болмақ.

sport (51)

sport (47)

sport (6)

sport (45)

sport (44)

sport (29)

sport (1)

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: