26
Жұма,
Сәуір

һижри

Астаналық балалар Құрбан айтты көңілді тойлады

Мешіт тынысы
Жарнама

Құрбан айт мейрамына орай жыл сайынғы дәстүр бойынша Корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігі балаларға мерекелік кеш сыйлады. Іс-шараға көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 1-15 жас аралығындағы 200 бала қатысты.  

Салтанатты жиынға ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі тарапынан «Нұр Астана» орталық мешітінің іс басқарушысы Ибрагим Сматаев арнайы келіп, бүлдіршіндер мен жеткіншектерді Құрбан айтпен құттықтады. Жылына бір рет келетін айтулы күндерді сағына күтетін  балалардың көбейгенін тілеп, Құрбан айт олардың өміріндегі ең жарқын әрі қуанышты мереке ретінде есте қалуы үшін әр ересек адам үлес қосуы керек деді.

zeket kurban ait (18)

zeket kurban ait (24)

zeket kurban ait (20)

–Ата-аналар балаларын Ислам құндылықтарына сай тәрбиелеуді қаршадай кезінен бастаса игі. Кішкентайлар Құрбан айттың қадірін түсіну үшін бұл күндерде оларға ерекше мереке сыйлау керек. Ал, біз үшін ең қымбаты – баланың риясыз күлкісі, көздерінің бал-бұл жануы. Шындығында баланың бақыты – сөзбен жеткізе алмайтын нағыз бағалы дүние, - деген  Ибрагим Сматаев жиналған балаларға тәтті-дәмді сыйлықтар ұсынды.

Бұдан кейін қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап берді, мультфилмдердің танымал кейіпкерлері сомдалған театрландырылған көріністерді тамашалап, олармен суретке түсті. Балалар тәтті дастарқаннан дәм татса, үлкендерге, яғни, ата-аналарға құрбандық еті таратылды.

Мерекелік шара барысында аниматорлар түрлі ойын ұйымдастырып, балалардың көңілін көтерді. Әсем, ырғақты әндер шырқалып, кішкентайлар өз өнерін ортаға салып би биледі.

zeket kurban ait (1)

zeket kurban ait (3)

zeket kurban ait (5)

zeket kurban ait (10)

zeket kurban ait (15)

zeket kurban ait (11)

zeket kurban ait (22)

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: