07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

"ИСЛАМ ЖӘНЕ ӘЙЕЛ" ҮЗДІК МАҚАЛА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Құрбан айт мейрамының екінші күнінде ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы ақжаулықты аналар мен дін саласында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектердің басын қосып, айт дастарқанын жайды.

Бұл басқосуда уағыз-насихат, жыр-термелер айтылып, ғибратты өлеңдер оқылды. Кештің көрігін қыздырған "Тағылым тамшылары" балалар театры болды.Аталған кешке Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз бен Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров арнайы қатысты.

aiel jane (1)

aiel jane (2)

aiel jane (3)

aiel jane (4)

Естеріңізде болса, ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы осыдан 5 ай бұрын жалпы жамағат арасындағы әйел-қыздарға арналған «Ислам және әйел» атты Республикалық ғылыми, діни-танымдық мақалалар байқауын жариялаған болатын. Сол байқаудың қорытындысы шығып, үздік деген мақалалар да анықталды. Бұл кештің ұйымдастырылуының бір себебі, сол байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау еді. Байқау қорытындысы бойынша келіп түскен 100-ден астам мақаланың ішінен үздік үш мақала алғашқы орындарға лайық деп танылды. Бірінші орын (теледидар) Салтанат Қожа, екінші орын (ноутбук) Өткел Мәдина, үшінші орын (ұялы телефон) Айша Аманқызына бұйырды. Жеңімпаздарды Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы марапаттап, сыйлықтарын табыстады.

aiel jane (6)

muslim.kz

Бөлісу: