20
Дс, Қар
10 Жаңа

Астанадағы Зекет қорына жаңа басшы тағайындалды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Шрифт

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Сматаев Ибрагим Келдібайұлы ҚМДБ-ға қарасты "Зекет" корпоративтік қорының Астана қаласы бойынша жауапты өкілі  қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігі ұжымына жаңа басшыны таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Zeket basshy 6

Zeket basshy 4

Zeket basshy 1

Ибрагим Келдібайұлы дін жолындағы алғашқы қызметін 1989 жылы Ақмола облысы Изобильный кенішінде мешіт имамдығынан бастаған. Әр жылдары осы өңірдің Аршалы ауданында имам,  Ақмола облыстық мешітінде іс басқарушы болып қызмет етті.

2007 мен 2011 жыл аралығында Астана іргесіндегі Төлебай мешітінде наиб имам, ал 2011 жылдан бері «Төлебай» мешітінің бас имамы қызметін атқарды. 2015 жылдан бастап күні бүгінге дейін "Нұр Астана" орталық мешітінің іс басқарушы қызметін атқарып келді.

1992-1996 жылдары діни білімді Түркия республикасында игерсе, Еуразия гуманитарлық институтында Заңгер мамандығын тәмамдады.

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі және «Нұр Астана» орталық мешітінің ұжымы атынан Ибрагим Келдібайұлына жаңа қызметте жемісті еңбек, толағай табыстар тілейміз!

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі

BLOG COMMENTS POWERED BY DISQUS
e-max.it: your social media marketing partner