20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Елордалық медресе жатақханасы қыс маусымына дайын

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Нұр Астана» орталық мешітінің жанындағы "Астана медресе-колледжінің" жатақхана ғимаратында үш күннен бері жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жатақхана 2007 жылы пайдалануға берілген. 10 жыл ішінде күрделі жөндеуден өтпеген ғимараттың төбесінің тозығы жетіп,  жаңбыр құйып, қар жауғанда ішке су кететін болған. Енді төбенің ескі жабындысы ауыстырылып, шатырға беріктігі жоғары, сапалы жаңа материалдар төселді. Айта кетсек, шатырдың ауданы 600 шаршы метрді құрайды.

Сонымен бірге, жатақхананың жылу жүйесі де толық жөнделу үстінде. Істен шыққан құбырлар, бұрынғы есептеуіш жабдықтардың орнына су жаңа құрылғылар орнатылды.

Демеушілердің көмегімен жөндеу жұмыстарына 3,5 миллионға жуық қаражат жұмсалды. Ендігі таңда жатақхананың іші-сырты қыс маусымына толықтай дайын.

IMG 0227

IMG 0218

IMG 0211

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: