25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» мешітінде донорлық қан тапсыру акциясы өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін қасиетті жұма күні «Нұр Астана» орталық мешітінде осымен екінші мәрте «Бауырыңа өмір сыйла!» атты донорлық акция болып өтті. Республикалық Қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған игі шараға мешіт қызметкерлері мен мұқтаж жанның қайғы-мұңына бей-жай қарамайтын мұсылман жамағаты белсене атсалысып, орталықтың арнайы автобусының алдында кезекке тұрды.

Kan (10)

Ислам ғалымдары «донор болып, адам баласының өмірін аман алып қалу асыл дініміздегі игі амалдардан»  деп бірауыздан құптайды. Егер бір адам өз еркімен келесі бір адамға қан беріп донор боламын десе, бұл тұрғыдан еш тиым болмайды. Құранда біздің бір-бірімізге мейрімді болып, мұқтаждарға көмек қолын созу керетігі жайлы айтылған аяттар көптеп кездеседі.Қасиетті Құран Кәрімде «Мәида» сүресінің 32-ші аятында Алла Тағала:

«Кімде кім бір адамды өлімнен құтқарса барлық адамды тірілткенмен тең», – деп, адамзатқа өмір сыйлаудың сауабының көп екендігін ескерткен. Қан орталығы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, жұма намазына дейін жалғасқан донорлық шараға жалпы саны 27 адам қан тапсырған. Жалпы қорытынды бойынша бүгінгі шара аясында 12 литр 500 мл қан жиналып, республикалық Қан орталығының қорына өткізілді.

Kan (1)

Kan (8)

Kan (7)

Kan (9)

Kan (5)

Kan (6)

Kan (2)

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: