24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» орталық мешітінің қызметкерлері жаңа қызметке тағайындалды

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде жұма уағызынан кейін орталық мешіттің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бірқатар мешіт қызметкерлерін жаңа қызметке тағайындағанын жариялады. Елордамыздағы еңселі иман ордасына айналған орталық мешітке қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен төмендегідей жаңа лауазымды қызметтерге тағайындалды:

 

Juma (1)Осыған дейін орталық мешіттің іс басқарушысы қызметін абыроймен атқарып келген Ибрагим Келдібайұлы ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласы бойынша басшысы болып тағайындалды. Дін жолындағы алғашқы қызметін 1989 жылы Ақмола облысы Изобильный кенішінде мешіт имамдығынан бастаған Ибрагим Келдібайұлы әр жылдары осы өңірдің Аршалы ауданында имам,  Ақмола облыстық мешітінде іс басқарушы болып қызмет еткен. 2007 мен 2011 жыл аралығында Астана іргесіндегі Төлебай мешітінде наиб имам, ал 2011 жылдан бері «Төлебай» мешітінің бас имамы қызметтерін атқарған. 1992-1996 жылдары діни білімді бауырлас Түркия Республикасында игерген білікті маман иесі 2015 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Нұр Астана» орталық мешітінің іс басқарушы қызметін атқарып келді.

Juma (3)

Ал орталық мешіттің іс басқарушысы қызметіне бүгінге дейін «Нұр-Астана» мешітінде шаруашылық меңгерушісі қызметін атқарып келген Ринат Қарымсақов тағайындалды. Жаңа қызметке келген Ринат Насырұлы халықаралық Қазақ-Араб университетінің Дінтану және араб тілі мамандығының түлегі. 2004-2006 жылдар аралығында Аягөз қалалық мешітінде ұстаз, 2006 жылы Семей қаласындағы Қос мұнаралы Әнет баба атындағы мешітте іс басқарушы қызметін атқарып келген. 2015 жылдан бастап орталық мешітте қызмет етіп келеді.

Juma (5)

Және мешітіміздің ең жас наиб имамы болып, 2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Нұр Астана» орталық мешітінің кеңсе қызметкері қызметін атқарып келген Жандос Тәжімұратұлы тағайындалды. 1994 жылы дүниеге келген ең жас наиб имам 2011-2014 жылдары «Астана» медресесінде «Исламтану» мамандығы бойынша, 2014-2017 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Тарих» мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда «Нұр Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Міне, осындай жауапты әрі сауапты қызметтерге тағайындалған әріптестерімізге жемісті еңбек, толағай табыстар тілейміз!

Juma (8)

Juma (7)

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бөлісу: