19
Жұма,
Сәуір

һижри

Мешіт жамағатына дастарқан жаю дәстүрге айналмақ

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДб наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқысымен кеше «Нұр Астана» орталық мешітінде ақшам намазынан кейін нәпіл ораза ұстаған жамағатқа арнап ауызашар берілді.

Бауырмалдылық пен татулықты насихаттаған жиын барысында «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Мұсылманның мұсылман алдындағы міндеті» тақырыбында діни әңгіме өрбітті. Наиб мүфти мүміндерге күлімсіреу, сәлем беру, жақсылық жасау, хәлін білу, бауырлардың арасын жарастыру, шақырылған жерден қалмау секілді амалдардың сауабын сүйіншілейтін хадистер мен Құран аяттарын жеткізді. Ораза ұстаған жандар ауызашардан кейін құптан намазын мешітте жамағатпен оқыды.  

Auyz ashar (15)

Мұсылман қауымын «Бірлігі жарасқан жамағат» атты дастарқан басында ұйыстыру алдағы уақытта дәстүрге айналады дейді мешіт басшылығы.  Бұл басқосуларда «Нұр Астана» орталық мешітінің имамдары уағыз-насихат айтып, көпшілікті мазалаған діни сауалдардың басын ашып береді деп күтілуде.

Auyz ashar (7)

Auyz ashar (12)

Auyz ashar (3)

Auyz ashar (4)

Auyz ashar (14)

Auyz ashar (13)

ummet.kz

 

Бөлісу: