17
Сәрсенбі, Қазан

һижри

Астана – мейірімді қала атты акциясы басталмақ

Мешіт тынысы
Шрифт

Құрметті Астаналықтар! Нұр Астана орталық мешіті елордамыздағы күн райының қолайсыздығына орай қыс мезгілінің қазіргідей аязды күндері көмекке мұқтаж болған жандарға, қамқорлық танытуға шақырады. Осыған орай мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесе отырып “Астана – мейірімді қала” атты акциясын бастауда.

  1. Елорда тұрғындарына тегін такси қызметін ұйымдастыру.
  2. Мұқтаж болған отбасыларына көмір түсіріп беру.
  3. Қала тазалықшылары мен құрылысшыларға ыстық ас пен шәй ұсыну.

Алла Елшісі (с.ғ.с): «Кімде-кім мұсылман бауырының дүниелік қиындықтардан бір қиындығын өтесе, Алла оның қиямет күніндегі қиындықтардан бір қиындығын кетіреді. Кімде-кім ауыр жағдайға түскен адамның ауыртпалығын жеңілдетсе, Алла оның дүниедегі және ақыреттегі ауыртпалығын жеңілдетеді» деген.

Акцияның өтетін уақыты:

23/1/18 таңғы сағат 8:00 Нұр Астана орталық мешітінде басталады

Акцияның 1-ші тармағы бойынша «тегін такси» қызметін көрсетемін деген азаматтар үшін мына нөмірге хабаласып тіркелулеріңізді сұраймыз: 87782121161 (наиб имам Әділхан Серікбай); Нұр Астана орталық мешіті

Мұқтаж отбасыларға көмір түсіріп беремін деген азаматтар үшін мына нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз: 87757207510 (ұстаз Ілияс Отаров) Нұр Астана орталық мешіті

Акцияның кейінгі тармағы бойынша «тегін тамақ» беремін дейтін азаматтар келесі нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз: 87757207510 (ұстаз Ілияс Отаров) Нұр Астана орталық мешіті

e-max.it: your social media marketing partner

Категория бойынша