26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» орталық мешіті қала тазалықшыларына тегін тамақ таратты

Мешіт тынысы
Жарнама

Күн райының қолайсыздығына орай «Нұр Астана» орталық мешіті «Астана – мейірімді қала» акциясы аясында қала тұрғындарына, жаяу жүргіншілер мен көше қызметкерлеріне тегін тамақ таратуды бастап кетті.

Елорда тұрғындарына тегін такси қызметін ұйымдастыру, мұқтаж болған отбасыларына көмір түсіріп беру, қала тазалықшылары мен құрылысшыларға ыстық ас пен шәй ұсынып, тамақтандыруды басты назарға алған мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты игі шара барысында күн сайын екі жүз адамға ыстық тамақ пен сусындар таратып, қала тұрғындарының алғысын алып келеді. Қолымыздан келгенше жақындарымызға, тіпті танымасаңыз да мұсылман бауырыңызға жәрдем жасап, көмек қолын созу – мұсылмандықтың белгісі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын) бы­лай де­ген: «Ең игі істер: мұсылман бауырыңа қуаныш сый­лау – оның қарызын өтеу, оны тамақтандыру» деген еді (Байһақи). Осы өсиетті негізге алған орталық мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты суық күндері адам жанын жылытатын қайырымдылық шарасын аптаның аяғына дейін жалғастыруды жоспарлап отыр. Сауапты іс жасап, бір-бірімізге мейірімділік танытуға ауа-райының салқындығы да кедергі келтірмейтінін осындай игі істерімен көрсете білген орталық мешіттің ұжымына Алла разы болсын дейміз.

IMG 2264

IMG 2248

IMG 2285

IMG 2276

IMG 2263

IMG 2219

IMG 2222

IMG 2239

IMG 2234

ummet.kz

  

Бөлісу: