08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау акциясы ұйымдастырылды

Су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау акциясы ұйымдастырылды

Мешіт тынысы
Жарнама

13 Наурыз. Астана. Ummet.kz Су тасқынынан зардап шеккендерге ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша  өкілдігі - «Нұр Астана» орталық мешіті  «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық керуені акциясын жариялады.

Биылғы көктемдегі қардың жылдам еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында қар суы көтеріліп, біраз ауылды аймақтарды су басып, орасан шығын келтіруде. «Жақсылық жасаңдар, сонда, әрине, құтыласыңдар[22-77]» - деп Алла әмір еткендей, осынау қиын жағдайға тап болған ағайынға көмек қолын созып, демеу болу баршамыздың борышымыз. Акцияға үлес қосамын деген азаматтар Астана мешіттерінің қабылдау орындарына немесе төмендегі байланыс телефондарына хабарласа алады.

87172446165,  87757207510

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: