19
Жұма,
Сәуір

һижри

"Ислам және отбасы" жылына орай жылдық жоспар талқыланды

"Ислам және отбасы" жылына орай жылдық жоспар талқыланды

Мешіт тынысы
Жарнама

14 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы өкілдікке қарасты мешіттердің Бас имамдары, наиб имамдары және ұстаздарымен кезекті жиналысты өткізді. 

Жиналыс Еуразия мұсылман ғұламалары форумының өтуіне атсалысқан имамдар мен ұстаздарға алғыс білдірумен басталды. Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселе - ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінің ұсынысымен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бекіткен «Ислам және отбасы» жылына орай жасалған жоспарды талқылау болды. Бас имам Әбітайұлы Асқар: «Биылғы жылдың «Ислам және отбасы» деп бекітілуі ісімізге екі есе жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Осыған орай, Нұр Астана және Ғылмани мешітінде мұсылман отбасына кеңес беру бұрышы жұмыс істейтін болады. Онда отбасы сұрақтарына жетік имамдармен қатар осы саланың білікті мамандары жұмысқа тартылады. Ал, күрделі сұрақтар ҚМДБ-ның пәтуа бөліміне бағытталады,» - деді. Өкілдіктің кезекті жиналысының нәтижесінде әр мешітте «отбасы фиқҺы» дәрісін тұрақты өткізу, қаладағы студенттермен  жұмыстар жүргізу, «Ислам және отбасы» тақырыбында зиялы қауыммен дөңгелек үстел басында кездесулер ұйымдастыру және айына бір рет мешітте некелерін қиған отбасыларды шақырып, семинар өткізу  туралы шешімге келді.

Сонымен бірге, имамдар мен ұстаздарға ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінен мамандар шақыртып, отбасы мәселелерінің діни негіздері мен ұстанымдарына қатысты арнайы семинар-тренингтер жүргізу жоспарға енгізілді.  Жиналыс соңында ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілі Асқар Әбітайұлы жаңадан тағайындалған діни қызметкерлерді көпшілікке таныстырып өтті.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

2

4

9

10

Бөлісу: