16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Наурыз мерекесіне орай Астана мешіттерінде спорттық ойын түрлерінен жарыс өтті (ФОТО)

Наурыз мерекесіне орай Астана мешіттерінде спорттық ойын түрлерінен жарыс өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

23 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін Астана мешіттері жұма намазына жиналған қауымға Наурыз мейрамына орай спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің ауласында арқан тарту, асық ату, қол күресі мен кір тасын (24 және 16 кг) көтеруден сайыстар өтті. Жылда Наурыз мерекесіне орай тұрақты өтетін спорттық ойындарға жиналған қауым белсене қатысты. Мешіт жамағаты мен қала қонақтары қызықты өткен тартысты тамашалап, қатысушыларға қолдау білдірді. Ал, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дәл осындай жарыс Ғылмани мешіті жамағатының арасында да өтті. Жүлделі орын алғандар Наурыз мерекесінен ұмытылмас естелік ретінде арнайы дайындалған сыйлықтарға ие болды.

Сонымен бірге Төлебай мешітінің жамағаты арасында да арқан тартыс, қол күрес және кір тасын көтеруден спорттық ойындар ұйымдастырылды. Арқан тартыстан бірінші орынды «Барыс» командасы иеленіп, 15 мың теңге сыйлық алса, екінші орынды «Нұр» командасы ұтып, 10 мың теңге қаржылай жүлдеге ие болды. Ал, қол күрестен бірінші орынды - Мақсат Сарышов, екінші орынды - Мирас Бабаев ұтып алды. Кір тасын көтеруден бірінші орынды - Жасұлан Сайлаубек, екінші орынды - Олжас Наурызбаев иеленіп, екеуі де кілем ұтып алды. Ал, үшінші орын иегері Қуандық Мусин 5 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Наурыз мерекесін қызықтауға келген жамағатқа Әс-Салям   мешітінің Бас имамы Серік Құрманов: «Наурыз асыл дінімізбен біте қайнасқан салт-дәстүріміз. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін,» - деп жүрекжарды тілектерін айтты. Мешіттің ауласында мейрамға орай тілі дәм үйірер наурыз көже таратылып, қалың жамағат арасында қызықты ойын түрлерінен жарыстар өткізілді.

Бірлік пен татулықты насихаттайтын Наурыз мерекесінде ұйымдастырылған спорттық ойын жарыстары Астана қаласының мешіттері үшін ауызбірлік пен сыйластықты арттырып, өзара ынтымақты күшейтуге тағы бір себеп болды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

sport2303 (1)

gilmain 7

gilmain 5

tolebai (1)

tolebai (5)

tolebai (8)

as salam 1

as salam 2

 

Бөлісу: