30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Әлжан ана» мешітінің ұстазы медресе шәкірттерімен жүздесті

«Әлжан ана» мешітінің ұстазы медресе шәкірттерімен жүздесті

Мешіт тынысы
Жарнама

31 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz  Астана  медресесінде «Әлжан ана» мешітінің ұстазы, әл-Азһар университетінің түлегі Ақтанов Азамат «білім алу - парыз» тақырыбында уағыз жүргізді.

«Қытайда болса да барып, білім алыңдар» деп хадисте айтылғандай, Азамат ұстаз өзінің әл-Азһар университетінде оқыған кездерінен мысалдар келтіре отырып, биыл бітіретін түлектерге алдағы уақытта да ғылым саласында өздерін шыңдай түсу қажеттігіне назар аудартты. Ұзақ мерзімді «Рухани жаңғыру» жобасының аясында қарастырылып отырған ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық кодымызды сақтап қалу бағытында ақ пен қараның ара жігін ажырата алар, көзі ашық, көңілі ояу азаматтардың атқарар қызметі зор екенін айтты. Сонымен бірге, жат ағымдарға қарсы иммунитеттің тек білім арқылы ғана қалыптасатынын түсіндіріп өткен Ақтанов Азамат: «қой терісін жамылған қасқыр іспетті, жат пиғылды ағымдар Ислам дінінің атын қолданып, жастардың сана-сезіміне теріс ықпал етіп, таза имандылық жолынан адастыруда.  Сіз бен біздің міндетіміз – білімнің қайнар көзінен сусындап, жат ағыммен күресу,» -  деді.

Тағылымды кештен тұщымды ой түйген медресе шәкірттері Азамат ұстазға алғыстарын білдірді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

2

3

6

4

Бөлісу: