04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Бойдақтарға айтылған келелі кеңес

Бойдақтарға айтылған келелі кеңес

Мешіт тынысы
Жарнама

1 Сәуір. Астана. Ummet.kz – «Ислам және отбасы» жылы аясында шаңырақ көтеруді ниет етекен жастарға «Нұр Астана» орталық мешіті Сауат ашу бөлімінің директоры, білікті исламтанушы маман Руслан Қамбаров танымдық уағыз-насихат айтты.

Жат ағымның алдын алу, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында «Нұр Астана» орталық мешітінде дәстүрлі іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Соның бірі – «Ислам және отбасы» жылы аясында әр сенбі күні Ақшам намазынан кейін өткізілетін «сенбілік дастархандағы» уағыз-насихат сағаты.

Кезекті уағыз-насихат отбасын құруды ниет еткен жастарға арналды. «Нұр Астана» орталық мешіті Сауат ашу бөлімінің директоры, белгілі ұстаз Руслан Қамбаров «Бойдақтарға бес кеңес» деген тақырып аясында жастарға тұщымды уағыз айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Руслан Қамбаров осыған дейін «Неке кітапшасы» (2013 ж.) атты еңбек жазып, жар таңдау, отбасын құрып, шаңырақ көтерудің имани қағидаттарын жан-жақты зерттеген білікті маман.

Р. Қамбаров «сенбілік дастарханға» жиналған жамағатқа жар таңдауда көңіл бөлуге тиісті мәселелер, салихалы отбасын құрудың алғышарттары, отағасылық жауапкершілік, жұбайлық мәміледе көркем мінезді болудың жолдары, т.б. мазмұнда жастарға келелі кеңес берді.

Осылайша, «сенбілік дастарханға» жиналған 150-ден астам астаналық отбасы құндылықтары жөнінде толыққанды сауат алып, салихалы мәміленің маңызы мен отбасылық жауапкершіліктің салмағын сезініп қайтты.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

2

4

Бөлісу: