Мешітте ауызашар берілді

Мешітте ауызашар берілді

Мешіт тынысы
Шрифт

13 Cәуір. Астана. Ummet.kz – Ережеп айының нәпіл оразасын ұстаушыларған арнайы ауызашар берілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бірлігі жарасқан жамағат ретінде жат ағымнан сақтанудың маңызы айырықша. Осы мақсатта Елорда мешіттерінде түрлі форматта іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Сәуір айының 12 жұлдызы бейсенбі күні «Төлебай» мешітінде Бас имам Асхат Сапашұлы Салимовтың ұйымдастыруымен мешіттің бір топ жамағаты қасиетті Ережеп айының құрметіне нәпіл ораза ұстаушыларға ауызашар берді.

Ауызашарға жиылған жамағатқа «Әл-Ғани» мешітінің ұстазы Асхат Сәлімгерейұлы «Білімнің артықшылығы» жайында уағыз-насихат айтты. А. Сәлімгерейұлы білімнің артықшылықтарын, алған білімді амалға асырудың мән-маңызы, білімнің дәрежесі, т.б. мазмұнда тұщымды насихат жасады. Сонымен бірге, шариғи білімді сенімді қайнарлардан, яғни, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарайтын мешіттерден алу керектігі жайында кеңес берді.

IMG 20180412 WA0095

IMG 20180412 WA0099

IMG 20180412 WA0108

IMG 20180412 WA0097

BLOG COMMENTS POWERED BY DISQUS
e-max.it: your social media marketing partner