03
Жұма,
Мамыр

һижри

Қасиетті Шағбан айы басталды

Қасиетті Шағбан айы басталды

Мешіт тынысы
Жарнама

17 Сәуір. Астана. Ummet.kz – Бүгін айтізбесі (һижри) бойынша қасиетті Шағбан айы басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бүгін, Исламдағы қасиетті айлардың бірі Шағбан айы басталды. Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл айды аса жақсы көріп, басқа айларға қарағанда ерекше бағалаған. Себебі бұл айда адамның жыл бойы істеген әрбір амалдары Алла Тағаланың алдына ұсынылатындығы айтылған. 

Мүбәрак мәтінді хадистерде аталмыш қасиетті айда тақуалықты арттыруға күш салып, әр кім жан тазалығына мән беруі керек екендігі баяндалады. Яғни, Әбу Умәмә әл-Бәһилиден жеткен мына бір хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Шағбан айы кіргенде, нәпсілеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар»,-деу (Мукашәфәтул-қулуб, әл-Ғазали, 291-бет) арқылы бұл айда нелер істелуі керектігін меңзеп отыр.

Аталмыш айдың 14-нен15-не қараған түні Бараат түні. Ол да қасиетті түндердің бірі. Ол туралы хадис-шәріпте: «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен (мағынасы мен маңыздылығына сай) өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді»,– делінеді.

Ендеше, қасиетті ай мүбәрак болсын. Бұл айдың шарапат туралы сайтымыздың мақалалар айдарынан оқи аласыздар.

Бөлісу: