05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Денсаулық – Алланың берген аманаты

Денсаулық – Алланың берген аманаты

Мешіт тынысы
Жарнама

5 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz –  «Төлебай» мешітінің найб имамы Дастан Зияшұлы Смагулов «Интернациональный» тұрғын алабында орналасқан «Қамқор» отбасылық дәрігерлер амбулаториясына барып «Вакцинация жасаудың пайдасы» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.

Кездесу барысында дәрігерлер вакцинация жасау пайдасын түсіндірсе, найб имам Дастан Зияшұлы Смагулов жалпы Ислам діні бойынша денсаулық Алла Тағаланың адамға берген аманаты екенін айта келе, аманатқа қиянат жасау үлкен күнә екендігін түсіндіріп, вакцинациядан бас тартпауға керісінше ұрпағымыздың дені сау болуы үшін уақытылы жасап отыруға шақырды. Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында көбінесе вакцинациядан теріс пиғылды ағым мүшелері бас тартатыны туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: