04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Мешіт тынысы
Жарнама

5 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – «Төлебай» мешітінің найб имамы Дастан Зияшұлы Смагулов «Интернациональный» тұрғын алабында орналасқан №44 орта мектепте «Әкенің бала тәрбиесіндегі орны» атты тақырыптағы дөңгелек үстелге қатысты.

Мектеп оқушыларының ата-аналарымен бірге өткен дөңгелек үстел барысында тәрбиелік және рухани мәні бар видеороликтер көрсетіліп, әкенің балалар алдындағы міндеттері туралы айтылды. Найб имам Зияшұлы Дастан отағасының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше екеніне тоқталып, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі қазақи тәлім-тәрбиені жалғастыра отырып, отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығына баса назар аударды. Балаларға үйімізде дәстүрлі ислам дінін үйретудің маңыздылығын айта келе, келешек ұрпағымызды жат пиғылды теріс ағымдардың ықпалынан сақтап қалғымыз келсе діни тәрбиені отбасынан бастау керектігі жайында да уағыз-насихат айтты.

Айта кетейік, биылғы жылды ҚМДБ  төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Ислам және отбасы жылы» деп бекітті.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: