16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Он кәсіпорын халал сертификатын алды

Он кәсіпорын халал сертификатын алды

Мешіт тынысы
Жарнама

12 мамыр. Астана. Ummet.kz – Елордалық он кәсіпорын халал сертификатын алды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Соңғы жылдары халық арасында адал өнімдер мен халал индустриясына деген сұраныс жоғары. Осыған орай, адал өнімдер өндірісінің дамуы да өзіндік қарқын алғанын байқаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал стандарттау бөлімінің қадағалауымен халал сертификатын алған кәсіпорындар мен мейрамханалар, ет өнімдері, тағам өндірісі, асханалар желісі, құс фабрикалары, т.б. өндіріс ошақтары мен кәсіпорындар саны күн сайын артып келеді.

Бүгін ҚМДБ-ның Халал стандарттау бөлімі мен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр Астана» орталық мешітінде адал өндіріспен айналысатын кәсіпкерлерге арналған «Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі» атты семинар аясында бірқатар елордалық кәсіпорындар халал сертификатын алды.

Серификат алған он кәсіпорынның алдағы уақыттағы өндіріс барысын ҚМДБ-ның Халал стандарттау бөлімі қадағалап, өнімдерінің адал болуын «Халал даму» ЖШС-ның эксперт-технологтары ұдайы өз назарында ұстайтын болады.

Семинарда белгілі болғанындай Астана қаласында бұған дейін 31 кәсіпорын халал өнімдер өндірумен айналысса, бүгінгі таңда ол кәсіпорындар саны 41-ге жетіп отыр. 

Сонымен бірге, бірнеше жылдан бері халал стандартының талаптарына сай жұмыс жүргізіп келе жатқан кәсіпорындарға ҚМДБ-ның Халал стандарттау бөлімі тарапынан арнайы алғыс хаттар берілді.

Жаңадан халал сертификатын алған он кәсіпорын мыналар:

  1. «Антарекс 2030» ЖШС («RAFE» мейрамханалар желісі (5)
  2. «Marash Ice Cream Co» ЖШС («Mado» мейрамханасы)
  3. «Абуова М.С» ЖК («GRANAT»  мейрамханасы)
  4. «Досбаева А.Э» ЖК («Жеті қазан» асханасы)
  5. «А4» ЖК («Sultan Doner» донерханасы)
  6. «Ажар» ЖК («Dәmdi» кафесі)
  7. «Алтын Орда 2015» ЖШС («Café Capitol» кафесі)
  8. «Туркистан 01» ЖШС («Meat Point» кафесі)
  9. «Компания Алтын-Казык» ЖШС
  10. «Торговый дом «Столичная трапеза» ЖШС

Республикамыз бойынша халал стандартынан өткен кәсіпорындар тізімін мына сілтемеден көре аласыздар.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

4

3

5

20

18

29

22

3219

26

25

30

28

26

33

31

21

34

Бөлісу: