23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Мешіт ұстазы ем қабылдаушылармен кездесті

Мешіт ұстазы ем қабылдаушылармен кездесті

Мешіт тынысы
Жарнама

16 мамыр. Астана. Ummet.kz – Мешіт ұстазы наркология диспансерінде ем қабылдаушылармен кездесті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Дәурен Муслимов Астана қаласы ШЖҚ «Наркология және психотерапия орталығы» МКК мекемесінде емделушілермен кездесу өткізді.

Кездесу аясында діни экстремизмнің алдын алу, жат ағымнан сақтану жайында баяндап, емделушілердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Суицидтің алдын алу, өмірден түңілмеу, т.б. тақырыптарда ой қозғап психологиялық көмек көрсетті.

Сонымен бірге, алда келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, қасиетті айдың берекесі жайында тұщымды насихат айтты.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: