20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Тарауыққа қатысқан жамағатты тасымалдауға тегін автобустар шығарылады

Тарауыққа қатысқан жамағатты тасымалдауға тегін автобустар шығарылады

Мешіт тынысы
Жарнама

16 мамыр. Астана. Ummet.kz – Тарауық намазынан кейін қала тұрғындарын арнаулы қоғамдық көліктер тегін тасымалдайтын болады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рамазан өзіне тән тағат-ғибадаттарымен, талап-шарттарымен ерекшеленеді. Қасиетті айда отыз күн бойы атқарылатын осындай құлшылықтың бірі – тарауық намазы. Соңғы жылдары Астана мешіттерінде тарауыққа келушілер қатары молайып келеді.

Осы себепті де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті қала әкімдігінің қолдауымен түнгі намазға жиылған жұртшылықтың үйлеріне қайтуына қолайлылық жасау мақсатында арнайы қоғамдық көліктер желісін құрды.

«Әзірет Сұлтан» республикалық мешіті мен өкілдікке қарасты «Нұр Астана» орталық мешіті, «Ырыскелді қажы» және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіттеріндегі тарауықтан тараған қала тұрғындарын қоғамдық көліктер толықтай тегін тасымалдауда. Көліктер әр мешіттен үш бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Бағыт кестесі төмендегідей. 

Аталған автобустар өз бағыттары бойынша 16 мамыр мен 14 маусым аралығында күнделікті қатынайтын болады. 

Қатынау уақыты:  күнделікті түнгі сағат 01:00-де. 

Бағыттары төмендегідей:

"НҰР АСТАНА" ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ БОЙЫНША:

NUR (1)

NUR (2)

NUR (3)

"ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕШІТІ БОЙЫНША:

AZIRET (1)

AZIRET (2)

AZIRET (3)

"ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ" МЕШІТІ БОЙЫНША:

IRIS

"СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ" МЕШІТІ БОЙЫНША:

GILMANY

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: