26
Жұма,
Сәуір

һижри

Елорда мешіттерінде тарауық намазы оқылды

Елорда мешіттерінде тарауық намазы оқылды

Мешіт тынысы
Жарнама

16 мамыр. Астана. Ummet.kz - Қасиетті Рамазан айының кіруіне орай, Елорда мешіттерінде Тарауық намазы оқылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Биылғы Рамазан айының алғашқы түні айтізбесі бойынша 16-мамырдан 17-мамырға қараған түніне сәйкес келеді. Осыған орай, еліміздің аумағындағы барлық мешіттерде Құптан намазынан кейін, тарауық намазы оқыла бастады.

Мыңдаған елордалық Құран айындағы құлшылықтарын бастау үшін мешітке ағылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен бас қаладағы өкілдікке қарасты мешіттерде білікті қарилардың имамдық етуімен Құран Хатым басталды. Сонымен бірге, Тарауыққа қатысқан жамағатты тегін тасымалдау мақсатында арнаулы бағыттар бойынша қоғамдық көліктер қатынады.

Астана қаласы «Нұр Астана» орталық мешітінде де биылғы алғашқы Тарауық намазы оқылды. Аталмыш намаздың басталуынан бұрын ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы жиналған жамағатты қасиетті айдың кіруімен құттықтады.

«Құрметті мұсылман қауым! Қасиетті де, қадірлі Рамазан айы баршаларыңызға құтты болсын! Алла Тағала осы Рамазан айында иманменен, ықыласпенен, тақуалықпенен құлшылық жасауды нәсіп етсін! Еліміз үшін, жеріміз үшін, отбасымыз үшін, өзіміз үшін жасаған тілек-дұғаларымыз қабыл болсын!».

Өкіл имам Рамазан айының қадір-қасиеті, Тарауық намазының дініміздегі орны жайлы тұщымды уағыз-насихат айтты.

«Міне, бүгін тарауық намазының бірінші күніне жиналып отырмыз. Тарауық намазы – Пайғамбардан (с.ғ.с.) қалған бекітілген сүннет амалдарының бірі. Қасиетті айдағы қастерлі құлшылықтарымыздың бірі. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім рамазан айында иманменен, ықыласпенен түнде намаз оқыса, Алла Тағала бұрынғы өткен күнәларын кешіреді» деген. Міне, бұл намаз - күнәларымыздың кешірілуіне, тілек-дұғаларымыздың қабыл болуына себеп болатын құлшылықтардың бірі. Сонымен бірге, халықтың рухани бірлігі үшін маңызы айырықша. Осы намаз адамдарды бір-бірімен жүздестіріп, береке-бірлікті нығайтуға да себеп болады», - деді.

Сонымен қатар, ай бойы хатым оқитын қариларды таныстырып өтті. «Нұр Астана» орталық мешітінде ай бойы үш бірдей білікті қари Құран Хатым оқиды.  

«Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VІІ республикалық Құран жарысында «30 пара Құранды жатқа оқу» бойынша бас жүлдені алған Нағим қари Серікұлы. Екі қирағаттан ижаза алған «Нұр Астана» орталық мешітінің азаншысы Салман қари Әбдіхафизұлы, «Астана» медресе-колледжінің ұстазы Саид қари Мұхаммед қатарлы білікті қарилар ай бойы алдарыңызда тұрып Хатым оқитын болады»,-деді Бас имам Асқар Әбітайұлы.

Игі шараға, елордалық мұсылмандар, мешіт ақсақалдары мен мешіт имамдары қатысты. Тарауықтың басталуы болғандықтан, көптеген елордалық жамағат мешіт ауласында және көк майсаларда құлшылықтарын жалғастырды.

Алла қылған құлшылықтарыңызды, ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін!

 «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

16

17

"СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ" МЕШІТІ

32621034 972097926294737 8948963745929887744 n

32585757 972099406294589 8852828157208690688 n

"ТӨЛЕБАЙ" МЕШІТІ 

19

20

Бөлісу: