03
Жұма,
Мамыр

һижри

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына Құран бағышталды

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына Құран бағышталды

Мешіт тынысы
Жарнама

1 маусым. АСТАНА. Ummet.kz - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына Құран бағышталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Өткен тарихты ұмытпау, ұлт басынан өткен елеулі оқиғаларды жадында сақтау - ұрпақ міндеті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ». Тек ұлттың бастан кешкен тауқыметі мен тәуелсіздік үшін берген бодауларын ұмытпасақ болғаны.

Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай марқұмдарды еске алу шарасы өтті.

Алдымен тасқа ойылып жазылған ескерткіш тақтаға Астана әкімдігінің атынан, саяси партиялар мен түрлі қоғамдық ұйымдар атынан гүл қойылып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы арнайы қатысып, кеңестік жүйенің солақай саясатынан қудаланған бабалар рухына Құран бағыштады.

Ауызашар сәті - дұғаның қабыл болатын сәттерінің бірі. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы мешіт жанындағы арнайы Рамазан шатырында өз жалғасын тапты.  Кешкілік ауызашар дастарханында жиналған көпшілікке ұлттың келешегі үшін шейіт болған бабаларымыздың күреске толы өмірі мен ғибратты, сауапты амалдары жайлы насихат айтылып, дұға жасалды.

Ал, Рамазан айындағы қасиетті жұма күні де боздақтар өмірі ескерусіз қалмады. Намаздан кейін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран бағышталып, жамағатпен бірге дұға жасалды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

3

1

2

5

6

7

8

9

Бөлісу: