03
Жұма,
Мамыр

һижри

Сансызбай Құрбанұлы: Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құран оқуға ерекше мән берген ай (ФОТО)

Сансызбай Құрбанұлы: Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құран оқуға ерекше мән берген ай (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

1 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы кезекті жұма уағызын өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қасиетті Рамазан айының ең басты ерекешелігі - Алланың кәләмі Құран Кәрімнің түсуі. Құран Кәрім – ешқандай  өзгеріске ұшырамаған, қандай да бір толықтырулар мен өзгертуден аман сақталған иләһи кітап. Құран Кәрімді оқу – өз алдына бір ғибадат. Сансызбай Құрбанұлы жасаған уағызында Рамазан айында Құран Кәрім оқудың маңыздылығын аша түсті.

«Құран оқудың артықшылығы мен Құранды оқыған адамның дәрежесі көтерілетіндігі жайлы Пайғамбарымыздың хадистері жетерлік.  Имам Муслимнен келген риуаятта: «Құран оқу арқылы адамның санасы мен жүрегі нұрланбақ» делінеді. «Денең – жан нұрлы болса жөнделмек» деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай жаны саудың тәні де сау.

Құранды оқу арқылы мұсылман баласы Алладан қуат алады, Құрандағы өткен Пайғамбарлар мен ізгілердің көрген қиындығымен таныс болып өзінің өмірлік сынақтарға төтеп беруі тиіс екенін түсінеді. Сонымен бірге, Құран оқу арқылы мұсылман Аллаға жақындай түседі. Өйткені Алланың сөзіне деген махаббат оны Алланың Өзіне деген махаббатқа жетелері сөзсіз.

«Қиямет күнінде Раббының алдында ораза мен Құран пенде үшін шапағатшы болады. Ораза келіп:

– Раббым! Мен оны күндіз ішіп-жеуден тыйған едім. Енді мен оған шапағатшы болайын – дейді. Құран келіп:

– Раббым! Мен оны түндерде ұйқысынан айырдым. Сол үшін оған шапағат етейін – дейді. Алла ол екеуіне шапағат етулеріне рұқсат береді. Олар шапағат қылады», дейді бізге жеткен хадисте. (Имам Ахмед).

Рамазан айы Пайғамабарымыздың ﷺ Құранға ерекше мән беріп, адамзаттың бақыты үшін оны сақтап қалуға ерекше ыждағат танытақан айы. Жылда рамазан айы кіргенде Пайғамбарымыз ﷺ Жебірейіл періштемен бірге сол кезге дейін түскен аяттарды қайталап, пысықтап отыратын», - деп жұмаға жиналған қалың жамағатқа қасиетті айда Құран оқудың артықшылықтарын түсіндірді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

 

Бөлісу: