18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Астаналықтар барша қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады (ФОТО+ВИДЕО)

Астаналықтар барша қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

04 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» орталық мешітінің жастар бөлімі, «Жас ұлан» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы және «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы бірлесіп «Берекелі Рамазан» атты акцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

 Акцияға атсалысқан «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігінің еріктілері қала тұрғындарын Рамазан айымен құттықтап, сыйлықтар тапсырды. Күтпеген жерден жасалған сыйға разы болған кісілер алғыстарын білдіріп, Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында өткен іс-шара аз ғана мейірімнің өзі ұлты мен діні әр түрлі болғанына қарамастан барлық адамның көңілін баурайтын асыл қасиет екенін тағы да еске салғандай.

«Нұр Астана» орталық мешітінің жастар бөлімінің жауапты қызметкері Байзақ Мақсат: «Бұл шараның негізгі мақсаты –  Рамазан айының мейірімділік, сыйластық және берекеге толы ай екендігін еске түсіру және барша қазақстандықтарды, Астана қаласының тұрғындарын достық қарым-қатынасты сақтауға, мейірімділік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бағалауға шақыру», - деді. 

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

2

1

3

4

5

6

8

9

10

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Бөлісу: