13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Жат ағымның алдын алу жұмыстары Елордада өз жалғасын табуда

Жат ағымның алдын алу жұмыстары Елордада өз жалғасын табуда

Мешіт тынысы
Жарнама

5 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Жат ағымның алдын алу жұмыстары Елордада өз жалғасын табуда, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. 

Мемлекетіміздің рухани тірегі болған дәстүрлі діннің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы күресу - күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе.

Дін атын жамылған жат ағымдар идеялогиясын ажырата білуге және дәстүрлі емес діни ағым идеяларының таралуының алдын алуға бағытталған шаралар Елордада өз жалғасын табуда.  Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлының жоспарлық бастамасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, 2018 жылдың 4-14 маусым күндері аралығында Республикалық және жергілікті ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің қатысуымен ауқымды шаралардың он күндігі аясында кездесулер өткізілуде.

Осындай мақсатпен, 2018 жылдың 4 маусым күні «Big Шанхай», «Көк базар» сауда кешені қызметкерлерімен және «Дәулет» спорт кешенінің жаттықтырушыларымен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері алдын алу жұмыстарын жүргізді. Кездесулерге «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшы м.а. – Аташев Айбек Асқарбекұлы, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы – Муслимов Дәурен Мұхаметрахимұлы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы - Агитаев Әділ Сахиұлы және Ислам орталығының Сауат ашу бөлімінің директоры – Қамбаров Руслан Миятбекұлы қатысып, мамандар дәстүрлі діннің өнегелік ұстанымдары, қоғам үшін қауіпті құбылыс болған – діни экстремизмнің мәні, дінге қызығушылық танытатын жұртшылыққа дұрыс ақпарат алудың маңыздылығын атап өтті.

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға септігін тигізетін бұл бағыттағы іс-шаралар одан әрі жалғаса бермек.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

DSC 0188

DSC 0155

Без имени 2

3

DSC 0196

Бөлісу: