20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти «Нұр Астана» орталық мешітінде Хатым дұғасын жасады (ВИДЕО+ФОТО)

Бас мүфти «Нұр Астана» орталық мешітінде Хатым дұғасын жасады (ВИДЕО+ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

12 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Бас мүфти «Нұр Астана» орталық мешітінде Хатым дұғасына қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті Қадір түніне орай, «Нұр Астана» орталық мешітіне арнайы ат басын бұрып, Тарауық намазын оқып, Хатым дұғасын жасады.

Екі дүниенің сұлтаны, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу ғәләйһи уә сәлләмнің сүннетіне сай Рамазан айындағы жамағатпен оқылар Тарауық намазында Құран Кәрімді хатым ету – ел мешіттерінде үрдіске айналған игі құлшылық.

Мешітімізде жылдағы үрдіс бойынша Рамазан айының басынан бері күнделікті тарауық намаздарында Құран хатым оқылып келген-ді. Хатымды елімізге белгілі қари «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VІІ республикалық Құран жарысында «30 пара Құранды жатқа оқу» бойынша бас жүлдені алған Нағим қари Серікұлы және екі қирағаттан ижаза алған «Нұр Астана» орталық мешітінің азаншысы Салман қари Әбдіхафизұлы, Мысыр елінен келген «Астана» медресе-колледжінің ұстазы Саид қари Мұхаммед сынды қарилар оқыды. Бір ай бойы үздіксіз мешіт жамағатына тарауық намазын оқытып, Құран Хатым жасаған қариларға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз халық атынан ризашылығын білдіріп, арнайы шапан жапты.

Бүгін қасиетті Қадір түніндегі тарауық намазында Құран Кәрімнің 30-парасындағы қысқа сүрелер оқылып, мешітке жиналған жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Хатым дұғасын жасағаннан кейін Жаратқаннан елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, халқымызға бақ-береке, азаматтарымызға тақуалық пен екі дүниенің бақытын, егемендігіміздің Қияметке дейін жалғаса беруін тіледі.

Сонымен бірге, мың айдан қайырлы түнді мешітте өткізуге келген елордалықтарды Қадір түнімен құттықтады: «Қадір түнінде Алла ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерді арттыру, Құран Кәрімді оқып, тыңдап, түсінуге ынта қою, мешітке барып уағыз-насихат тыңдау, Жаббар Хаққа тәубе мен истиғфар жасау, Алла Тағаланы ұлықтау, еліміздің бірлігі мен игілігі, жер бетіндегі күллі мұсылмандар үшін дәйім дұға жасау – сауапты һәм абзал амалдардың бірі. 

Құрметті бауырлар! Қадыр түнінің мүмкіндігінен мақұрым қалмай, таң рауандаған шаққа дейін жансебіл рухта Хаққа құлшылық қылып, жан-жүрегімізбен Алаштың қамы үшін дұға-тілек жасайық. Алла Тағала Рамазаннан Рамазанға аман-есен жетіп, дәйім қасиетті Қадір түнін қарсы ала беруді жазсын! Әмин!» - деді Бас мүфти.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

17

18

19

20

21

22

23

24

25

27

28

29

30

32

33

34

36

37

38

39

 

 

 

 

 

Бөлісу: