19
Жұма,
Сәуір

һижри

Түркия телеарнасы мешіт туралы арнаулы бағдарлама әзірлеп жатыр

Түркия телеарнасы мешіт туралы арнаулы бағдарлама әзірлеп жатыр

Мешіт тынысы
Жарнама

12 маусым. АСТАНА. Ummet.kz - Түркияның мемлекеттік телеарнасы "Нұр Астана" орталық мешіті туралы арнаулы бағдарлама дайындап жатыр, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бауырлас екі елдің достық, туысқандық қарым-қатынасы әр салада көрініс тауып, түбі бір түркі баласының қашан да саяси сыйластығымен қоса, бірінің жетістігіне бірінің ниеттес, тілектес екені аңғарылып тұрады.

Биылғы жылғы еліміздегі айтулы мереке "Астана қаласының 20 жылдығына" орай, Түркияның "TRT AVAZ" телеарнасы көрермендеріне апта сайын айшықты астанамыз туралы арнаулы бағдарлама ұсынбақ.

Аталмыш телебағдарламаның алғашқы саны "Нұр Астана" орталық мешітін жан-жақты таныстыруға арналып отыр. Осыған орай, "TRT AVAZ" арнасының Қазақстандағы өкілдері түсірілім жұмысын бастап кетті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов телеарна тілшілеріне арнайы сұхбат берді.

Түркияның ең басты мемлекеттік телерадиокешені "TRT"-нің құрамына кіретін "TRT AVAZ" біздің елімізден тұңғыш рет мешітті таныту мақсатында хабар дайындап отыр.

Арнаулы бағдарлама алдағы уақытта көрерменге жол тартатын болады.

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2018 06 12 at 13.32.46

Бөлісу: