19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Астанада Ораза айт мерекесі өтіп жатыр (ФОТО+ВИДЕО)

Астанада Ораза айт мерекесі өтіп жатыр (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

15-маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің бастауымен, өкілідкке қарасты мешіттерде Ораза айт мерекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бүгін – мұсылманша айтізбесі бойынша Шәууәл айының алғашқы күні. Яғни, күллі мұсылман қауымы үшін Ораза айт мейрамы. Осыған орай, ел мешітінде екі рәкәғаттық Ораза айт намазы оқылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен таңғы сағат 7:00-де өкілдікке қарасты Астана мешіттерінде айт намазы оқылды.

Ұлық мерекенің ұлтымыз үшін жыл санап қадірі артып келе жатқандығы көңілге мол қуаныш ұялатады. Таң білінер-білінбестен мешітке ағылған халықтың қарасы биыл тіптен көп болды. Ораза айт намазын оқу үшін мешітке келген елордалықтардың көптігі соншалық, құлшылық ордасының атшаптырым ауласында иін тірескен жұрттың арасынан ине шаншар орын табылмады. «Нұр Астана» орталық мешітінде оқылған айт намазына он мыңға жуық жамағат жиналды.

Жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы Ораза айттың қадір-қасиеті мен осы күні атқарылатын салихалы амалдар жайлы мерекелік уағыз-насихат айтып, жиналған астаналық жұршылықты қасиетті мейраммен құттықтады.

Екі рәкәғат айт намазы оқылғаннан кейін, арнаулы Ораза айт құтпасы оқылып, құтпа соңынан мешітіміздің Бас имамы елімізге амандық, халқымызға бақ-береке, Отанымызға тыныштық, азаматтарымызға екі дүниенің жақсылығын тілеп дұға жасады.

Осылайша, қасиетті Рамазан айына орай ұсталатын бір айлық парыз ораза аяқталып, халқымыз үшін қасиетті Ораза айт мейрамы басталды.

Мешіттегі мерекенің жалғасы ұлттың рухын көтерер дәстүрлі спорттық шараларға ұласты. Арқан тарту, қол күресі, гір көтеру, асық ату сияқты ұлттық ойындардан мерекелік сайыс өтті. Айтқа келушілер ұлттық спорт сайысына дән риза болып, белсене қатысты. Мешіт қызметкерлері де белсенділік танытып, айт мерекесінің ұлттық дәстүрімізге сай халықтық деңгейде өтуіне атсалысты. Мұндай іс-шаралар өкілдікке қарасты Елорда мешіттерінде де өткізіліп, Ораза айт мерекесінің мерейін асырды.

Мерекелік сайыс нәтижесінде жеңімпаздар арнаулы сертификаттар және бағалы заттармен сыйланды.

 Айт құтты болсын, ағайын!

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 «Нұр Астана» орталық мешіті:

1

2

3.1jpg

4

5

6

7.2jpg

8

10.1jpg

10

12

13

14

15

16.1jpg

16

17

21

22.1jpg

22

23

25

26

27

29

30

32.1jpg

33

34

35

36

37

38

39

41

42

43

47

48

51

55

56

58

60

61

62

64

67

66

68

65

57

69

70

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті:

35387811 988381427999720 6911511099854553088 n

zZH5sCfZuo0

35403067 988385097999353 3868813073158504448 n

35295525 988395567998306 5164915455835504640 n

uUHf1jRuh0o

 «Шейх Кунта қажы» мешіті:

e9a12acb 2209 4235 9fb6 7f6687112d04

WhatsApp Image 2018 06 15 at 11.48.26

99211e4e 0f00 4b49 9203 916bcee53ca3

WhatsApp Image 2018 06 15 at 11.48.25

 «Әлжан ана» мешіті:

IMG 20180615 WA0091

 «Төлебай» мешіті:

IMG 20180615 WA0059 1

IMG 20180615 WA0081 1

IMG 20180525 WA0098

IMG 20180615 WA0128 1

IMG 20180615 WA0099 1

IMG 20180615 WA0111 1

IMG 20180615 WA0113

IMG 20180520 WA0119 1

Бөлісу: