19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

«Мейірімділік мекеніне» қош келдіңіз (ФОТО)

«Мейірімділік мекеніне» қош келдіңіз (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

15 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» орталық мешітінде айт намазының жалғасы  мерекелік шараға айналды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Әйел-қыздар секторы, «Нұр Астана» орталық мешіті «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен жасалған қайырымдылық жәрмеңкеде клуб мүшелерінің қолынан шыққан дәмді тағамдар мен дәмі тіл үйірер тәттілер сатылды. Сондай-ақ, ерікті кісілер де өз тауарларын сатып, түскен пайдасын садақа ретінде қайырымдылық жәрмеңкесіне қосты. Қыз-келіншектердің айт мерекесінде уақыттарын арнайы бөліп, ұйымдастырған істеріне жиналған қауым дән риза болды. Жамағат мешіт алдында ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесінде сауда жасап, сауапты іске өз үлестерін қосып жатты.

«Мейірімділік мекені» деп аталған жәрмеңкеден түскен қаражат мұқтаж кісілер мен онкологиялық дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалады. Айта кетейік, бұл тектес жәрмеңкелер «Нұр Астана» орталық мешітінің ауласында айтулы күндер мен мерекелерде тұрақты өткізіліп тұрады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Meirimdilik

22

10

14

20

12 

 

13

2

3

4

5

6

7

8

9

18

 

 

Бөлісу: