23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Жібек» қыз-келіншектер клубы ашура күніне орай ауызашар берді

«Жібек» қыз-келіншектер клубы ашура күніне орай ауызашар берді

Мешіт тынысы
Жарнама

21 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz –  «Нұр Астана» орталық мешітінде мұхаррам айының 10-жұлдызы яғни Ашура күніне арнайы ауызашар берілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты «Жібек» қыз-келіншектер клубы әрбір атаулы діни мерекелер мен күндерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып,  астаналық әйел жамағатының дұрыс діни ақпаратпен сусындауына қашан да атсалысып келеді. Айталық, түрлі тағылымды басқосулар, семинар-тренингтер мен ауызашарлар аясында жат ағымның алдын алу, уағыз-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Ашура күніне орай бас қосқан жамағатқа клуб жетекшісі әрі «Нұр Астана» орталық мешітінің  ұстазы Динара Нұрғалиева тұщымды уағыз-насихат айтты. Сонымен бірге, клуб мүшелерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

1

2

3

4

5

6

7

Бөлісу: