26
Жұма,
Сәуір

һижри

Қала мешіттері жалпықалалық сенбілікке атсалысты

Қала мешіттері жалпықалалық сенбілікке атсалысты

Мешіт тынысы
Жарнама

22 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – Елорда мешіттері жалпықалалық сенбілікке атсалысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бүгін Елордада қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өткізіліп, шаһар бойынша ағаш отырғызу, санитарлық тазалау шарасы ұйымдастырылды. ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің қадағалауымен Елорда мешіттері де экологиялық айлықтан тыс қалмай, мешіттің іші-сыртын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Хазреті Пайғамбар (с.ғ.с): «Тазалық – иманның жартысы» деген, сондай-ақ тағы бір хадисінде «Алла – таза, тазалықты сүйеді» деп айтқан. Әсіресе, ғибадат орнын лас нәрселерден таза ұстау – әр мұсылманға міндет.

Жалпықалалық сенбілікке атсалысқан «Нұр Астана» орталық мешітінің қызметкерлері мен жамағаты, «Астана» медресе-колледжінің шәкірттері мешіт айналасын, оның аумағындағы саябақты ретке келтірді. Ал, әйелдер жамағаты мешіттің ішін жиыстырды. Шаң сүртіп, есік-терезелерді жуып, күндегісін күнде жайнап тұратын мешітті одан сайын мұнтаздай етті.

Жалпықалалық сенбілікке қаламыздағы барлық мешіттер атсалысып, мешіт айналасын қоқыстан арылтып, тиісті тазалық шараларын жасады.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

1

1

1

1

1

IMG 20180922 WA0006

IMG 20180922 WA0006

IMG 20180922 WA0009

IMG 20180922 WA0068

IMG 20180922 WA0060

IMG 20180922 WA0037

IMG 20180922 WA0006

IMG 20180922 WA0006

IMG 20180922 WA0006

IMG 20180922 WA0006

IMG 20180922 WA0006

IMG 20180922 WA0006

IMG 20180922 WA0068

IMG 20180922 WA0068

IMG 20180922 WA0068

IMG 20180922 WA0068

Бөлісу: