23
Сенбі,
Қараша

һижри

Жат ағымның зардабы жайында арнайы ролик көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

Жұма уағызынан соң жат ағымның зардабы жайында арнайы ролик көрсетілді

Мешіт тынысы
Жарнама

15 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде жұмаға жиналған жамағатқа жат ағымның зардабы жайында арнайы ролик көрсетілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен ел мешіттерінде бүгінгі күнге аса қажетті өзекті тақырыптардың бірі жат ағым жайында насихат айтылып, ел азаматтарын олардың алдам қалтасына түсіп кетуден сақтандыру мақсатында «Дін атын жамылған жат ағымдар» тақырыбында жұма уағызын айтылды.

Осыған орай, жұма уағызын айтқан Бас имам Асқар Әбітайұлы бұл тақырыпты жиналған көпшілікке жан-жақты тарқатып айтып берді.

А. Әбітайұлы:

«Бүгінгі таңда тек өздерін ғана «шынайы мұсылманбыз» деп, өзгелердің барлығын, «кәпір» есептейтін және өз отанын тәрк етуші адасқан ағымның көрініс тапқаны мәлім. Сондай ағымның бірі – «Әт-такфир уәл-хиджра» ағымы.

Өздеріңізге белгілі, 2014 жылы 18 тамызда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының «Әт-тәкфир уәл-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның Қазақстан Республикасындағы қызметіне тыйым салу жөніндегі шешімі шыққан болатын.

Осы шешімді шығару кезінде аталған ұйымның экстремистік бағыттағы қызметі жөніндегі қолда бар материалдармен қатар сотпен «Әт-такфир уәл-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, АҚШ-та, Түрік Республикасында және Еуропалық одақта тыйым салынғандығы ескерілді», - дей келіп, хижрет шынайы мағынасы ашып айтып берді. Сонымен бірге нағыз жиһаттың қолға қару алып, ұрандатып, соғысу емес, өз нәпсісімен күресу екенін баяндады. Ал, маңайындағы адамдарды келсе-келмес «күпірлікпен» айыптаудың қате екенін жеткізді.

Сонымен бірге, мешітке келген ағайынды тәулесіз Отанның қадірін білуге насихаттап, дұрыс діни ақпараттармен сусындауға, ел тұтастығына, жұрттың тыныштығына қатер төндіріп, адастыратын ағымдардан аулақ болуға шақырды.

Уағыз соңында жиналған жамағатқа жат ағым зиянын онан ары түсіндіру мақсатында, Елбасы қамқорлығымен қантөгіс пен озбырлықтың ошағына айналған Сириядан жалған ұрандар мен үміттердің, шариғатқа қайшы сенімнің құрбаны болған отандасымыздың тағдыры туралы ролик көрсетілді.

Осылайша, жұма уағызы жұртшылыққа заман талабына сай жаңа форматта өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айының басында Елбасының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылған еді.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: