19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

«Бесік жыры - қазынам» атты сайыс өтті (ФОТО)

«Бесік жыры - қазынам» атты сайыс өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

16 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінің жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен  «Бесік жыры – қазынам» атты мəдени шара өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Шараның мақсаты ғасырлар қойнауынан бастау алатын, бірақ өкінішке орай күнімізде ұмытылып бара жатқан «бесік жырын айту» дәстүрін дәріптеу, әйел жамағатының арасында насихаттау.

Бесік жырын айтудан ақ жаулықты әжелерімізбен қатар жас аналар да сайысқа түсті. Екі бөлімнен тұратын сайыста қатысушылар сəбилерін тербеткен бесік жырларымен залды əуелетті.  Арнайы шақырылған қонақтар қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, ҚМДБ Əйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, «Қазақстан» ұлттық арнасының продюсері Танакөз Толқынқызы және «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева қазылық жасады. Олар қатысушылардың өнерін таныстыру, бесік жырын айту, киім үлгісі сияқты 3 бағыт бойынша бағалады. Әділқазылар алқасы орындалған бесік жырларының әуезділігі мен мәтінінің мағынасына да мән берді.

Сайыс нәтижесінде Бас жүлдені Келісова Боранкүл апа иеленді. Ал жүлделі орындарды Досымбекова Балғын, Иманалиева Ақмарал, Демеева Бақыт өзара бөлісіп алды. «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша Ермаханова Жанат апа марапатталды. Жеңімпаздардың барлығына диплом мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Тағылымы мол мәдени шараны тамашалуға келген көрермендер арасынан «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің журналисі Анар Төлеуханқызы ыстық лебіздерін білдіріп, өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, осындай игі іске мұрындық болған «Жібек» қыз-келіншектер клубының алдағы жұмысына табыстар тіледі.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: