29
Жұма,
Наурыз

һижри

Бейбіт Мырзагелдиев медресе-колледждің тыныс-тіршілігімен танысты (ФОТО)

Бейбіт Мырзагелдиев медресе-колледждің тыныс-тіршілігімен танысты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

17 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев «Астана» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жақында ғана жаңа қызметке кіріскен Бейбіт қажы Әліпбекұлы алғашқы жұмысын еңселі Елордамыздағы медресенің жай-күйімен танысудан бастады.

Ең әуелі медресенің акт залында шәкірттермен кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның Діни білім және кадыр дайындау бөлімнің бас маманы Марат Жаппасбаев, «Астана» медресе-колледжінің директоры Ибраһим Сматаев және ұстаздар, барлық шәкірттер қатысты.

– Медресе – діни руханияттың қайнары. Қазақ даласында қашаннан бері осылай болып келген. Алдағы уақытта да медресе ол статусынан айырылмайды. Сондықтан да, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет, жалпы ұжым әр дайым медресенің тыныс-тіршілігін басты назарда ұстап келеді. Өйкені, біздің саланаың болашағы діни оқу орындарымен тікелей байланысты, - дей келіп Б. Мырзагелдиев шәкірттердің жай-күйімен, медресенің тәртібі, оқу бағдарламасы қатарлы маңызды мәселелер төңірегінде ой ортақтасырып, діни білім беру ісінің одан әрі жандана түсуіне бар мүмкіндік қарастырылатынын жеткізді.

Кездесу барысында Б. Мырзагелдиев жақында ғана өткізілген Ұлттық спорт түрлерінен І республикалық медресеаралық спортакияданың жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етіп, сол шараға ұйытқы болған медресе директоры Ибраһим қажы Сматаев пен орынбасары Қанат Қалымбетовке Бас мүфтидің арнайы алғыс хатын табыс етті.

Шәкірттер мен ұстаздар көкейлерінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, бөлім меңгерушісі оларға тұщымды жауап берді және алдағы уақытта барлық медреселердің білім сапасы, оқу бағдарламасына қытсыты атқарылар іс-шаралар мен игі қадамдар жайында ой бөлісті.

Сонымен бірге, Бейбіт қажы Әліпбекұлы медресенің оқу ғимараты мен жатақханасын толықтай көзден кешіріп, оқу орнының жалпы тыныс-тіршілігімен танысты.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: