23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Сұлулық – көңіл айнасы» атты қайырымдылық мастер-класс өтті

«Сұлулық – көңіл айнасы» атты қайырымдылық мастер-класс өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

23 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешіті «Жібек» қыз-келіншектер клубы «Сұлулық – көңіл айнасы» атты қайырымдылық мастер-класс өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Заманауи қоғамда мұсылман ару – сүйікті жар, сыйлы ана және қоғамның белсенді мүшесі. Жүрген жерінде асыл дініміздің құндылықтарын амалымен насихаттап жүретін қыз-келіншектеріміз бұл жолы қайырымдылық мақсатта мастер-класс ұйымдастырды.

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы, «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева алғысөзінде заманауи мұсылман әйел образы жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, аяулы аналарымызға отбасы ішінде де жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын күтінудің қажеттілігі айтылды. Сөз кезегін алған Жаннұр Төремұрат қатысушыларға бет күтімі мен әрлеуден мастер-класс өткізсе, шараның келесі қонағы Балғын Рысқалиқызы орамал тағудың сәнді үлгілерінен шеберлік сағатын жүргізді. Сонымен бірге зәмзәм суы негізінде жасалған табиғи косметикалық өнімдердің таныстырылымы жасалып, қатысушылар арасында қызықты ойындар ойнатылды.  

Айта кетейік, шарадан түскен қаражат қайырымдылық мақсатта қолданылады.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: