18
Сейсенбі, Маусым

һижри

Қариларға қазақы дәстүр бойынша құрмет көрсетілді (ФОТО)

Қариларға қазақы дәстүр бойынша құрмет көрсетілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

1 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде Хатым оқыған қариларға жамағаттың атынан сый көрсетіліп, иықтарына оқалы тон жапты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ай бойы Тарауық намазында оқылған Құран Хатым қасиетті кеште аяқталып, жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды. Хатым оқыған төрт бірдей білікті қариға мешіт ұжымы мен жамағат қазақы дәстүр бойынша құрмет көрсетті.

Атап айтқанда, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы, білікті қари Әділхан Серікбай, Республикалық Құран жарысының жүлдегері, Малайзиядағы 70 мемлекет арасында өткен Құран жарысында алғашқы үздік ондыққа кірген Шоқан Уәлиев, Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VІІ республикалық Құран жарысында «30 пара Құранды жатқа оқу» бойынша бас жүлдені алған Нағим қари Серікұлы, екі қирағаттан ижаза алған «Нұр Астана» мешітінің азаншысы Салман қари Әбдіхафизұлы қатарлы танымал қариларға мешіт ұжымы арнайы алғыс айтып, жамағаттың атынан иықтарына шапан жапты. 

13

9

10

18

21

23

23

23

23

23

23

23

23

23

23

23

23

35

Бөлісу: