18
Сейсенбі, Маусым

һижри

Жазғы сауат ашу курсына шақырамыз

Жазғы сауат ашу курсына шақырамыз

Мешіт тынысы
Жарнама

4 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елорда мешіттерінде мектеп оқушыларына арналған жаздық сауат ашу курсы басталады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Құрметті Елорда тұрғындары және мешітіміздің жамағаты!

Жылдағы игі дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «Нұр Астана» мешіті 6 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларын 10 -30 маусым аралығында өткізілетін жазғы сауат ашу курсына шақырады.

Сауат ашу курсында жүргізілетін дәрістер:

- Сауат ашу сабағы;

- Имандылық сабағы;

- «Дәстүрім – діңгегім» сабағы;

- «Өнерлі саусақ» сабағы;

- Ашық сабақ (2 сабақ мультфильм, 1 сабақ еркін тақырыпта).

Қажетті құжаттар:

1.Өтініш толтыру;

2.Анкета толтыру;

3.3 х 4 сурет бір дана;

4.Туу туралы куәлік көшірмесі.

Сабақ уақыты:

Таңертеңгі уақыт: 10:00-13:00

Түстен кейінгі уақыт: 14:00-17:00

Дүйсенбі-Жексенбі аралығында сабақ болады.

Демалыс күні: Жұма

Толық ақпаратты 44-58-48, 87783476671 телефонына қоңырау шалу арқылы біле аласыз.

Сауат ашу курсының ақысы: әр бала үшін 3000 (үш мың) теңге.

Бөлісу: