18
Сейсенбі, Маусым

һижри

«Мейірімділік мекені» атты дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (ФОТО+ВИДЕО)

«Мейірімділік мекені» атты дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

5 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінің «Жібек» мешітінде қыз-келіншектер клубы «Мейірімділік мекені» атты дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Әйел-қыздар секторы, «Нұр Астана» мешіті «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіліп, клуб мүшелері өз қолдарымен жасаған дәмді тағамдар сатылды. Сондай-ақ, «Тәп-тәтті», «Мармеладка» аспаздық дүкендері демеушілік жасап, қайырымдылық жәрмеңкесіне өз өнімдерін сатылымға салды.

Қыз-келіншектердің айт мерекесінде уақыттарын арнайы бөліп, ұйымдастырған істеріне жиналған қауым дән риза болды.

 Айт намазына келген жамағат қайырымдылық жәрмеңкесінде сауда жасап, сауапты іске өз үлестерін қосып жатты.

Аталған жәрмеңкеден түскен қаражат мұқтаж кісілер мен онкологиялық дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалады. Айта кетейік, бұл тектес жәрмеңкелер «Нұр Астана» мешітінің ауласында айтулы күндер мен мерекелерде тұрақты өткізіліп тұрады.

19

20

23

31

30

Бөлісу: