18
Сейсенбі, Маусым

һижри

Ораза айт мерекесі басталды (ФОТО+ВИДЕО)

Ораза айт мерекесі басталды (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

5 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің бастауымен, Елорда мешіттерінде Ораза айт мерекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бүгін – мұсылманша айтізбесі бойынша Шәууәл айының алғашқы күні. Яғни, күллі мұсылман қауымы үшін Ораза айт мейрамы. Осыған орай, ел мешітінде екі рәкәғаттық Ораза айт намазы оқылды.

Ұлтымыз үшін жыл санап қадірі артып келе жатқан ұлық мерекенің халықтық деңгейде атап өту дәстүрінің қалыптасқаны көңілге мол қуаныш ұялатады. Таң білінер-білінбестен мешітке ағылған халықтың қарасы биыл тіптен көп болды. «Нұр Астана» мешітінде оқылған айт намазына он мыңға жуық жамағат жиналды.

Жиналған жамағатқа «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы Ораза айттың қадір-қасиеті мен осы күні атқарылатын салихалы амалдар жайлы мерекелік уағыз-насихат айтып, жиналған ағайынды қастерлі мерекемен құттықтады.

Екі рәкәғат айт намазы оқылғаннан кейін, арнаулы Ораза айт құтпасы оқылып, құтпа соңынан мешітіміздің Бас имамы елімізге амандық, халқымызға бақ-береке, Отанымызға тыныштық, азаматтарымызға екі дүниенің жақсылығын тілеп дұға жасады.

Осылайша, қасиетті Рамазан айына орай ұсталатын бір айлық парыз ораза аяқталып, халқымыз үшін қасиетті Ораза айт мейрамы басталды.

Мешіттегі мерекенің жалғасы ұлттың рухын көтерер дәстүрлі спорттық шараларға ұласты. Арқан тарту, қол күресі, гір көтеру, асық ату сияқты ұлттық ойындардан мерекелік сайыс өтті. Айтқа келушілер ұлттық спорт сайысына дән риза болып, белсене қатысты. Дәстүрге айналған ұлттық-спорттық шаралар Ораза айт мерекесінің мерейін асырды.

Мерекелік сайыс нәтижесінде жеңімпаздар арнаулы сертификаттар және бағалы заттармен сыйланды. 

Айт қабыл болсын, ағайын!

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: