22
Жұма,
Қараша

һижри

150 отбасына қайырымдылық көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

150 отбасына қайырымдылық көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

5 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде Ораза айт мерекесіне орай, қомақты қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ораза айт мерекесінде жақын адамдарға жақсылық жасау, бауырының қуанышына себеп болудың өзі Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегесі болған үлкен мұсылманшылық қасиет. Ал, баба дәстүрінде де ағайынның шаттығына себеп болар «айттық» деп аталатын игі дәстүр бар.

Ораза айт мерекесіне орай, «Нұр Астана» мешіті осы бір ізгі дәстүрді жаңғыртып, дәстүрлі қайырымдылық шарасын өткізді. Шара барысында 150 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға айттық ретінде ұн, күріш, сұйықмай, т.б. азық-түрік таратылды.

39

39

39

39

39

39

39

39

39

39

39

Бөлісу: