28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

«Имани жаз» басталды (ФОТО)

«Имани жаз» басталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

10 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Имани жаз-2019» атты мектеп балаларына арналған жазғы сауат ашу курсы басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Елорда мешіттерінде мектеп оқушыларына арналған жазғы сауат ашу курсы басталды. Бүгін «Нұр Астана» мешітінің сауат ашу курсына тіркелген 300 мектеп оқушысына жазғы сауат ашу курсының алғашқы күні.

Кустың басталуына арнайы қатысқан «Нұр Астана» мешітінің сауат ашу курсына жауапты наиб имамы Нариман Исенов арнайы қатысып, ілім алудың артықшылығы жайында тұщымды насихат айтты. 

«Мешіт жанындағы сауат ашу курсытары – біздің тарихи тәжірибемізде бар ағартушылық жұмыс. Біздің  бұрынғы зиялыларымыз, ақын-жырауларымыз, кешегі Алаш қайраткерлері, бәрі де алғашқы білімді мешіттегі діни сауат ашу курстарынан алған. Сондықтан, сауат ашу курстары арқылы ұрпақтарымызға рухани тәлім беру ісі олардың Ұлы Даланың сауатты, партиот азаматтары болуына оң әсерін тигізеді», - деді Н. Исенов.

Сонымен бірге, өкіл имам балдырғандарды мешіт әдебімен таныстырып, білім сапарларына сәттілік тіледі.

Жазғы демалысқа шыққан оқушыларға арналған курс аясында балалар «Сауат ашу», «Имандылық», «Дәстүрім – діңгегім», «Өнерлі саусақ» , «Ашық сабақ (2 сабақ мультфильм, 1 сабақ еркін тақырыпта)» пәндері бойынша сабақ алатын болады. Оқушылар ұлдар және қыздар тобы бойынша жүргізіледі. Мұндай курстар Бас қаланың барлық мешіттерінде іске асырылуда.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: