25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ұлттық ойындардан сайыс өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

27 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз – 2019» жазғы курсының қатысушылары ұлттық ойын түрлерінен сайысқа қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жылдағы дәстүр бойынша сауат ашу курсы барысында балалардың қызықты уақыт өткізуіне баса назар аударылуда. Осы мақсатта қатысушылар арасында ұлттық ойын түрлерінен сайыс өткізілуде. Атап айтар болсақ, тоғызқұмалақ, асық ату, шекемтас (бес тас) түрлерінен ұл-қыздар жас шамаларына қарай жарысқа түсті. Сайыс барысында Нұр-Сұлтан қаласы «Асық ойыны» федерациясының жаттықтырушысы Исламбеков Марат төрелік жасады.

Сонымен бірге шашка және шахмат ойындарынан да жарыстар ұйымдастырылды. Бірнеше күнге созылған сайыстың жеңімпаздары курс соңында марапатталады.

1 6

1 8

1 9

1 7

1 10

1 12

1 11

1 14

1 15

1 16

1 17

1 18

1 26

1 27

1 28

1 29

1 30

Бөлісу: