18
Бейсенбі, Шілде

һижри

«Өнерлі саусақ» сабағы қыздарды ісмер болуға баулиды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

27 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Имани жаз» сауат ашу курсына «Өнерлі саусақ» атты жаңа дәріс қосылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Күнімізде ісмерлікке баулитын мастер класстар мен курстардың көбеюі және сұранысқа ие болуы көңіл қуантады. Ежелден қыз баланы кішкентайынан қол өнеріне баулып өсіру қазақы тәрбиенің ерекшелігі.

«Имани жаз 2019» курсының аясында білім алып жатқан бүлдіршін қыздарды ісмерлікке қызықтыру мақсатында биыл «Өнерлі саусақ» дәрісі қосылды. Осы дәріс аясында жас шамаларына қарай балауса қыздар өз қолдарымен бантик, білезік, әмиян жасауды үйренді. Сондай-ақ тігіннен шеберлік сабағы жүргізілді.

Өздері жасаған бұйымдарына қарап балауса қыздардың көңілі шат, ал олардың жаңа өнеріне риза болған ата-аналар курсқа жауапты мешіт қызметкерлеріне дән риза.

1 19

1 20

1 21

1 22

1 23

1 24

1 32

1 33

1 34

Бөлісу: