02
Сенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфти: Жастарды арсыз істен сақтау – маңызды мәселе

Бас мүфти: Жастарды арсыз істен сақтау – маңызды мәселе

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Аппарат жиналысын өткізді. Жиналысқа наиб мүфтилер, Аппарат басшысы, бөлім меңгерушілері қатысты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, соңғы кездері қоғамда өскелең ұрпақты арсыз істерге үндейтін әрекеттер дәріптеле бастады. Өкінішке қарай, дініміз бен дәстүрімізге жат қылықтар ашық насихатталуда. Бұл ретте біз де өзімізге қатысты жұмыстарды күшейтуіміз керек. Шариғат және пәтуа, Уағыз-насихат, Діни оңалту, Ақпарат бөлімдеріне бірлескен кешенді жобаларды жүзеге асыруды тапсырамын. Жастарды арсыз істен сақтау – маңызды мәселе» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бөлісу: